Алматыда ҰҚК Академиясының курсанттары шығарылды

3916
Фотосурет: ҚР ҰҚК

2024 жылғы 28 маусымда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Академиясы курсанттарының кезекті шығарылымы өтті.

Салтанатты жағдайда түлектерге дипломдар мен кеуде белгілері табысталды.

ҰҚК басшылығы мен ардагерлері жас офицерлерді құттықтап, оларға ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісінде жетістіктер тіледі, сондай-ақ профессорлық-оқытушы құрамға білікті мамандарды даярлау жөніндегі маңызды жұмыстары үшін алғыстарын білдірді.

Іс-шара соңында түлектердің құрметті маршы өтті.

Айта кету керек, биыл бұл бірегей арнаулы оқу орны құрылғанына 50 жыл толуын атап өтуде.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 24 маусымдағы Жарлығымен форматы бекітілген туды ҰҚК Академиясына тапсыру тарихи оқиғаға айналды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -