"МСАК көшбасшысы": Қарағанды облысында байқау жеңімпаздары марапатталды

3641
Фотосурет: Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының ақпараты бойынша

Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы "МСАК көшбасшысы" байқауының жеңімпаздарын марапаттады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бірінші орынды Теміртау қаласының № 2 емханасы иеленді.

Байқауға 37 медициналық ұйым қатысты. Олардың жұмысы бірнеше критерийлер бойынша бағаланды.

–  Байқаудың мәні халықты МӘМС жүйесімен қамтуды арттыру, медициналық көмектің сапасына шағымдар санын азайту, біздің тұрғындарды МӘМС жүйесінің артықшылықтары мен оң жетістіктері туралы, сондай-ақ емделген пациенттердің тарихы туралы хабардар ету сияқты маңызды жұмыстарды жүргізу болды, – деді әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры Фазыл Көпобаев.

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының рөлі өте маңызды, себебі бұл пациенттің ем алу бағытындағы бірінші буын, деп атап өтті ӘМСҚ Басқарма төрағасының орынбасары Гүлжан Шайхыбекова.

– Жалпы азаматтардың денсаулық сақтау жүйесін қабылдауы емханалар жұмысының сапасына байланысты. МСАК-ты қаржыландыру бюджет көлемі бойынша екінші орында – 2024 жылы оған 550 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған (жалпы бюджеттің 20%), – дейді Гүлжан Шайхыбекова.

Нәтижесінде бірінші орынды № 2 Теміртау емханасы иеленді. Демеушілердің қолдауымен оған дефибриллятор-монитор сыйға тартылды.

Екінші орын электрокардиограф алған Абай аудандық ауруханасына берілді. Үшінші орын – Clinic Miras, ал сыйлық – механикалық бой өлшегіш.

Үшінші орын – Clinic Miras, ал сыйлық – механикалық бой өлшегіш.

"МСАК көшбасшысы" байқауын Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен Қарағанды облысы бойынша ӘМСҚ филиалы, сондай-ақ демеуші болған YDD Corporation кәсіпорны мен "Қасиет-Фарм" компаниясы ұйымдастырды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -