Алматыда Сүйінбай даңғылындағы қозғалыс шектеледі

3663
Фотосурет: depositphotos.com

2024 жылы 1 шілдеден 31 тамызға дейін Алматының Түрксіб ауданындағы Сүйінбай даңғылында №375 үйден №419 үйге дейін көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды DKnews.kz.

Аталған көшеде қозғалыс шығыс жаққа қарай жабылады. Батыс жағында автокөлік үшін екіжақты қозғалыс ұйымдастырылады.

1967 жылдан бастап пайдалануға берілген жалпы ұзындығы 506 метрлік құбырды ауыстыру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін уақытша шектеу енгізіледі.

Алматы қаласының әкімдігі

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «2GIS» және «Яндекс карталары» сервистерінде жарияланған.

Уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды және көрсетілген аумақты айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -