Антикор Қазақстанның мемлекеттік мүлкін ұрлады деген күдікті ұсталды

5720
Фотосурет: t.me/antikornews

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен 2023 жылдан бері іздеуде жүрген «У» азаматы ұсталып, Алматы қаласы ПД УҰИ қамауға алынды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Ол бұрын сот үкімімен тәркіленген үш үй мен екі пәтер түріндегі мемлекеттік мүлікті жымқырды деп күдіктелуде.

Алаяқтық Алматы қаласы бойынша әкімдік пен ҰҚКД лауазымды адамдарының қатысуымен бақылаудағы адамдарға жалған төмен бағамен және белгіленген сауда-саттықсыз жылжымайтын мүлікті сату жолымен жасалған.

Ағымдағы жылдың 14 маусымында Бішкек қаласында «У» азаматы ұсталғаннан кейін ол Қырғыз Республикасы ІІМ қызметкерлеріне жеңілдетілген рәсімдер бойынша өз еркімен Отанына оралуға дайындығы туралы хабарлады.

Сол күні Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің сүйемелдеуімен «У» азаматы Қырғыз Республикасының шекарасынан өтіп, Алматы қаласына жеткізілді.

Қазіргі уақытта күдіктінің қатысуымен тергеу әрекеттері жүргізілуде. 

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -