Астанада өрт-құтқару спорты бойынша турнир өтті

6369
Фотосурет: «Қазақстандық өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорттық федерациясы» ҚБ

Астана қаласында «Құтқарушы» спорт кешенінде ерлер мен әйелдер арасында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі қауымдастығы» кубогына I турнир өткізілді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жарыс 25-28 маусым аралығында өтті.

Турнирге 17 облыс пен республикалық маңызы бар қалалардан қысқы чемпионаттың қорытындысы бойынша ерлер арасындағы үздік 52 спортшы және әйелдер арасындағы үздік 32 спортшы қатысты.

Турнир екі пән бойынша өтті: шабуыл сатысымен көтерілу және 100 метрлік кедергілері бар жолақтан өту.

Шабуыл сатысымен оқу мұнарасының 4-қабатына көтерілуде ерлер арасында жеңімпаздар:

  • 1 орын - Текенов Бауыржан, Қарағанды облысы (14,01 секунд)
  • 2 орын - Снегирев Дмитрий, Астана қаласы (14,18 секунд)
  • 3 орын - Черносвитов Максим, Шығыс-Қазақстан облысы (14,47 секунд).

Шабуыл сатысымен оқу мұнарасының 2-қабатына көтерілуде әйеллер арасында жеңімпаздар:

  • 1 орын - Дзолба Оксана, Алматы қаласы (7,3 секунд)
  • 2 орын - Хорошева Анастасия, Ақмола облысы (7,32 секунд)
  • 3 орын - Турсын Айдана, Түркістан облысы (8,5 секунд).

100 метрлік кедергілері бар жолақтан өту бойынша ерлер арасында жеңімпаздар:

  • 1 орын - Избасаров Ильдар, Түркістан облысы (16,81 секунд)
  • 2 орын - Мезиков Расул, Алматы қаласы (18,18 секунд)
  • 3 орын - Подгородецкий Петр, Астана қаласы (42,87 секунд).

100 метрлік кедергілері бар жолақтан өту бойынша әйелдер арасында жеңімпаздар:

  • 1 орын - Сыромяжко Юлия, Астана қаласы (16,88 секунд)
  • 2 орын - Бажева Айнкра, Қостанай облысы (17,34 секунд)
  • 3 орын - Хорошева Анастасия, Ақмола облысы (17,38  секунд).

Екі күндік табанды күрестің қорытындысы бойынша қоссайыста ерлер арасында жүлдегерлер:

  • 1 орын - Снегирев Дмитрий, (Астана қаласы) 29,64 секунуд
  • 2 орын - Ануарбеков Назарбек, (Астана қаласы) 30,33 секунд
  • 3 орын - Қонысбаев Абай, (Маңғыстау облысы) 30,67 секунд.

Қоссайыс бойынша әйелдер арасында жүлдегерлер:

  • 1 орын - Дзолба Оксана (Алматы қаласы) 24,02 секунд
  • 2 орын - Сыромяжко Юлия (Астана қаласы) 24,1 секунд
  • 3 орын - Лукьянова Алёна (Қстанай облысы) 24,3 секунд.

Сонымен қатар Дзолба Оксана 24,02 секунд нәтижесімен жабық үй-жайлардағы әйелдер арасындағы қоссайыс бойынша Қазақстан Республикасының  рекордын жаңартты, бұрынғы рекорд 24,18 секунд болды, ол да оған тиесілі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -