Астана әуежайындағы рейстердің кешігуі: жолаушыларға ұсынымдар

5599
Фотосурет: Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі

28 маусымнан бастап Астана қаласының әуежайындағы рейстердің кешігуі 3-4 шілдеге жоспарланған Шанхай ұйымының саммитіне дайындық шеңберіндегі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі ұшақтарының дайындық жүргізуіне орай Астана қаласының әуежайындағы әуе кеңістігінің уақытша жабылуымен байланысты орын алып отыр, деп хабарлайды DKnews.kz.

Дайындық мақсатындағы рейстер 30 маусымға дейін сағат 09.25-тен 10.20-ға дейін орындалатын болады.

Осыған орай орын алып отырған уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауды сұраймыз. Жолаушыларға осы уақыт аралығында әуе компанияларынан ұшу уақытын алдын ала нақтылап алу ұсынылады.

Бұған дейін әуе компаниялары мен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жолаушыларды алдын ала хабардар ету, сондай-ақ sms хабарламалар мен электрондық хаттарды жіберу арқылы жұмыс жүргізген болатын.

Сонымен бірге әуе кеңістігінің уақытша жабылуына орай болып жатқан кідірістер басқа қалаларда, атап айтқанда Астана және Алматы қалаларындағы рейстердің кешігуіне әкеп соғуы мүмкін екенін атап өткен жөн.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -