Қазақстандық дипломаттар өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтті

5588
Фотосурет: ҚР СІМ

Сыртқы істер министрлігінде жыл сайын 2 шілдеде аталып өтетін Қазақстан Республикасының Дипломатиялық қызметі күні қарсаңында салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Іс-шараға дипломатиялық қызмет ардагерлері, Президент Әкімшілігінің, Үкімет Аппаратының өкілдері және ҚР СІМ Орталық аппаратының қызметкерлері қатысты.​​​​​​​

Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу сыртқы саяси ведомствосының ұжымын кәсіби мерекемен құттықтап, дипломаттар өздерінің терең білімдері, өмірлік және кәсіби тәжірибелерінің арқасында мемлекетіміздің өркендеуі жолында қажырлы еңбек ететінін атап өтті.

«Қазіргі уақытта Қазақстан өңірлік және жаһандық үдерістердің бел ортасында жүр. Еліміз үлкен халықаралық беделі мен өңірлік ықпалы бар мемлекет ретінде өз дамуының жаңа белестерін еңсеруде. Бұл қазақ дипломаттарының да күнделікті қажырлы еңбегінің нәтижесі» Мұрат Нұртілеу

Өз сөзінде ол ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айқындайтын сыртқы саясатты ілгерілету жолында министрлік ұжымының риясыз еңбегін де атап өтті.

Дипломатиялық қызметі күніне орай бірқатар ардагерлер мен дипломаттар мемлекеттік наградалармен марапатталды, сондай-ақ ведомство қызметкерлеріне кезекті дипломатиялық дәрежелер берілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -