Шетелдік сарапшылар елдің батысында «белгіленген аумақты» инспекциялады

6710
Фотосурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Сенім мен қауіпсіздікті нығайту шаралары туралы 2011 жылғы Вена құжатын орындау аясында Бельгияның әскери сарапшылары Франция мен АҚШ өкілдерінің қатысуымен Маңғыстау облысында «белгіленген ауданды» тексерді, деп хабарлайды DKnews.kz. 

Ақтау қаласының теңіз жаяу әскерлерінің бригадасы мен авиация базасының басшылығы әскери инспекторларға қару-жарақ пен әскери техниканың қолда бар үлгілері, оқу-жаттығу полигондарының ағымдағы әскери қызметі, әскери қызметшілердің республикалық және халықаралық оқу-жаттығуларға қатысуы туралы брифингтер өткізді.

Шетелдік сарапшыларға сондай-ақ, Әскери-әуе күштеріндегі армия авиациясының әскери-көліктік тікұшағымен «белгіленген аумақты» айналып ұшып, әуе инспекциясын жүзеге асыруға мүмкіндік берілді.

Іс-шаралар өзара түсіністік пен ашықтық жағдайында өтті. Инспекторлар жыл сайынғы ақпарат алмасу шеңберінде бұрын берілген мәліметтің толық сәйкестігін және Қазақстанның халықаралық міндеттемелерді орындайтынын атап өтті.

Бельгияның инспекциялық тобы ҚР Қорғаныс министрлігі Қару-жарақты бақылау және инспекцияларды қамтамасыз ету орталығының өкілдеріне және бөлімдер басшылығына инспекция жүргізуге көрсеткен көмегі үшін ризашылығын білдіріп, ҚР Қарулы күштері әскери қызметшілерінің кәсіби деңгейі жоғары екенін атап өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -