Тәжірибесіз туристер: Кумбель шыңындағы ТЖМ құтқару операциясы

5181
Фотосурет: DKnews

ТЖМ құтқарушылары Алматы тауларында жеті жасөспірімді құтқарды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Құтқару операциясы Күмбел шыңында орын алды. 13-17 жас аралығындағы жасөспірімдер демалуға мүлдем дайындалмай, шыңды бағындыруды ұйғарды. Олар өз бетінше қайтып келе алмады, көмекке РЖҚЖ құтқарушылар жасағы жіберілді.

Жасөспірімдер тексерілді, медициналық көмекке мұқтаж емес. Қазір оларды ата-аналарына беру үшін Медеуге дейін түсіреді.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз!

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -