ЕАЭО: халықаралық тасымалдау көлігін кеден арқылы өткізу

2706
Фотосурет: kapital.kz

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің (ЕАЭО КК) 38-тарауында Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кедендік шекарасы арқылы халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын (ХТКҚ) өткізу тәртібі мен шарттарының ерекшеліктері көзделгенін хабарлайды, деп хабарлайды DKnews.kz.

ЕАЭО КК 273-бабының 2-тармағына сәйкес, ЕАЭО кедендік аумағына уақытша әкелінген ХТКҚ шетелдік тауарлардың мәртебесін сақтайды және оларды әкелуді жүзеге асыратын тұлғалардың нақты иелігінде және пайдалануында болуға тиіс.

ЕАЭО КК 275-бабының 4-тармағына сәйкес, уақытша әкелінген ХТКҚ өзге тұлғаларға, оның ішінде жалға (қосалқы жалға) беруге жол берілмейді.

Бұл ретте, ЕАЭО КК 275-бабы 4-тармағы 2-тармақшасының                  2-бөлігінде ХТКҚ-ны әкелу кезінде, ЕАЭО кедендік аумағынан әкету жолымен тасымалдау операциясын аяқтау мақсатында өзге тұлғаларға берілуі мүмкін айрықша жағдайлар көзделген. Осылайша, егер ЕАЭО мүше мемлекеттің тасымалдаушысы осындай тасымалдауды жүзеге асырса және ЕАЭО аумағында тасымалдау аяқталғаннан кейін, кері бағытта не ҚР Мемлекеттік шекарасымен тұспа-тұс келетін ЕАЭО сыртқы шекарасы бағытында жүре отырып жаңа тасымалдауды жүзеге асыратын болса, уақытша әкелінген ХТКҚ жүктеу арқылы осы тасымалдаушыда ЕАЭО КК 279-бабына сәйкес арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, кедендік әкелу баждарын, салықтарды, салықтарды төлеу бойынша міндет туындайды.

Сонымен қатар, ЕАЭО КК 272-бабының 6-тармағында ЕАЭО кедендік аумағынан уақытша әкелінген ХТКҚ әкету ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізудің кез келген жерінде жүзеге асырылуы мүмкін екені көзделген.

Осылайша, мұндай ХТКҚ ҚР Мемлекеттік шекарасымен тұспа-тұс келетін ЕАЭО сыртқы шекарасы арқылы әкетілген жағдайда және оларды ҚР осындай шекаралары арқылы кері уақытша әкелген жағдайда, ХТКҚ уақытша әкелу тәртібін реттейтін Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 18 қарашадағы № 511 шешіміне сәйкес, егер ХТКҚ оларды ЕАЭО кедендік аумағына әкелуді жүзеге асыратын тұлғаларды іс жүзінде иелену және пайдалануда болмаса, уақытша әкелуден бас тартылады.

Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 1 шілдеден бастап ЕАЭО КК талаптарын бұзатын жоғарыда аталған тасымалдарға қатысты Қаржы министрлігі ЕАЭО ККқолданыстағы заңнамасының жоғарыда көрсетілген нормаларын қолданатын болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -