FlyArystan Ақтаудан Ыстамбұлға рейстер санын екі есеге арттырады

2893
Фотосурет: Руслан Пряников/ kapital.kz

FlyArystan қазақстандық лоукостері Ақтау – Ыстамбұл – Ақтау бағыты бойынша әуерейстер санын көбейтуде. Қосымша рейстер 2024 жылдың 2 шілдесінен бастап сейсенбі күндері және 2024 жылдың 24 шілдесінен бастап сәрсенбі күндері орындалатын болады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Pixabay

Бейсенбі және сенбі күндері аптасына екі рет орындалатын негізгі рейстерден басқа, әуетасымалдаушы Ақтау мен Ыстамбұл арасындағы рейстер жиілігін аптасына 4 ретке дейін арттырды. 2 шілдеден бастап Ыстамбұлға рейстер сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері, ал 24 шілдеден сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі және сенбі күндері орындалатын болады. 

Әуекомпания билеттерді FlyArystan мобильді қосымшасында немесе www.flyarystan.com сайтында алдын ала сатып алуды ұсынады.

Сонымен қатар лоукостер 2024 жылдың 25 маусымы мен 24 қазаны аралығында халықаралық рейстерде салмағы 20 кг-нан 60 кг-ға дейінгі ұлғайтылған жолжүкке жеңілдік ұсынады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -