Павлодар облысында су тасқынынан зардап шеккендерге жаңа үйлердің кілттері табысталды

3355
Фотосурет: Валерий Бугаев/ Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақтоғай ауданының Жалаулы ауылында су тасқынынан зардап шеккендерге 5 жаңа үйдің кілті табысталды. Жаңа қоныс иелерін облыс әкімі Асайын Байханов құттықтады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Үйлері зардап шегіп, апатты деп танылған адамдардың бүгін қоныс тойларын тойлап жатқандарына өте қуаныштымын. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша біз сіздердің ауылдарыңыздағы төтенше жағдайдың салдарын барынша жоюға тырыстық. Қиын кезеңдерде шыдамдылық танытқандарыңыз үшін баршаңызға рахмет Асайын Байханов

Сондай-ақ, облыс әкімі демеушілік көрсеткен ERG тобы мен «ОАЭК» АҚ, сондай-ақ, 3 айдың ішінде сапалы үйлерді салған жергілікті «Ақтоғай-Агро» ЖШС құрылыс компаниясына алғысын білдірді. Үйлер жаңа әрі биік жерде тұрғызылды.

ERG Қазақстандағы 30 жыл бойы жұмысында әрдайым елмен бірге болды. Өз шаңырағының болуы кез келген отбасы үшін маңызды, сондықтан, біз жаңа баспанаға қоныстанған отандастарымыздың қуанышын бөліскенімізге қуаныштымыз. Өйткені, біздің компанияның миссиясы – бізге сенім білдіргендердің өркендеуін қамтамасыз ету ERG директорлар кеңесінің мүшесі Шухрат Ибрагимов
Барлығыңызға үлкен рахмет. Бізге дәл осы жерде жаңа үй салғанына өте қуаныштымын. Бұрын бұл жерде менің ата-анам тұрған. Біз осында өстік Ауыл тұрғыны Мархабат Сматаев 

Көпбалалы отбасылар, «Күміс алқа» белгілерінің иегерлері - Сматаевтар, Баймановтар, Муллин және Дайырбековтардың үйлерін қалпына келтіруге мүмкін болмады.

Барлық жаңа қоныс иелері облыстық мәслихат депутаттарынан, сондай-ақ, облыстың үш қаласының мәслихаттарынан сыйлық ретінде тұрмыстық техникалар (тоңазытқыштар, теледидарлар, кір жуатын машиналар, ас үй плиталары, кондиционерлер және т.б.) алды.

Ақтоғай ауданы тұрғындарының атынан Павлодар облысының Құрметті азаматы, мәдениет саласының ардагері Бейсенбі Мұқажанов мемлекетке көрсеткен көмегі үшін алғыс ретінде арнау айтты.

«Шаңырақ» МСО және И. Байзақов атындағы облыстық филармония әртістері ауыл тұрғындарына жарқын концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Сондай-ақ, спорттық жарыстар да өткізілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -