"Жас ғалым": Abai University жас зерттеушілері жеңімпаз атанды

2838
Фотосурет: t.me/gylym_jogary_bilim

Абай университетінің жеті жас зерттеушісі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2024-2026 жылдарға арналған «Жас ғалым» гранттық қаржыландыру конкурсының жеңімпаздары атанды, деп хабарлайды DKnews.kz. 

Бұл конкурс жас ғалымдарға өздерінің ғылыми жобаларын іске асыруға және отандық ғылымның дамуына өз үлестерін қосуға мүмкіндік бере отырып, еліміздегі ғылыми саланың дамуына ықпал етеді. 

Конкурс жеңімпаздары – Назира Мырзалы, Жазира Стамбекова, Дамира Советканова, Мадина Молдағали, Бактияр Бутеев, Дания Утепова, Жанарс Абдираманов басқа да ғылыми зерттеулерге белсене қатысып, университет пен еліміздің ғылыми әлеуетін арттыруға елеулі үлес қосып келеді. Мемлекеттің қаржылай қолдауының арқасында жас ғалымдар өздерінің ғылыми идеяларын сәтті жүзеге асыруда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -