7 қазақстандық еріктілер БҰҰ құрылымдарында тағылымдамадан өтеді

3674
Фотосурет: freepik

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының еріктілер бағдарламасы (БҰҰ) арасындағы келісім аясында жеті қазақстандық волонтер БҰҰ-ның әртүрлі құрылымдарында (UNFPA, UN Women, UNDP, UN ESSCAP, IOM) тағылымдамадан өтеді. Олар 266 үміткердің арасынан конкурстық негізде іріктелді. Үш жыл бойы волонтерлер Кения, Тайланд және Түркияда жұмыс істейді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар волонтерлік қызмет саласындағы әлемдік оң тәжірибені Қазақстанда одан әрі іске асыруға мүмкіндік береді. 

Еске салайық, 2019 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен БҰҰ еріктілер бағдарламасы қазақстандық волонтерлердің БҰҰ-ның халықаралық волонтерлері ретінде жұмыс істеуін қамтамасыз ететін келісімге қол қойған еді. Нәтижесінде 7 қазақстандық әлемнің әртүрлі елінде (Кения, Иордания, Түркия және Таиланд) өздерінің волонтерлік қызметін сәтті жүзеге асырды, олардың ішінде 6 волонтер бүкіл әлем бойынша БҰҰ құрылымдарына жұмысқа шақырылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -