Жамбыл облысындағы байланыс және интернетке қолжетімділік

3850
Фотосурет: ҚР ЦДИАӨМ

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жамбакин жұмыс сапары аясында Жамбыл облысында халықпен кездесу және азаматтарды қабылдау өткізді. Іс-шараға мемлекеттік көрсетәлетін қызметтер комитетінің және министрліктің телекоммуникациялар комитетінің басшылығы, «Азаматтарға арналған үкімет» ҰАҚ және облыс әкімдігінің өкілдері қатысты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Өз сөзінде вице-министр облыс бойынша офлайн форматта мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін 19 бөлімше мен 1 Арнайы ХҚКО бар екенін айтты. Осы жылдың басынан Жамбыл облысы бойынша 475 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген. 2024 жылы Тараз қаласының 15 шағын ауданында ХҚКО ашу жоспарлануда.

Сондай-ақ вице - министр қалалық қызметтер жұмысының тиімділігін арттыру және Қазақстанда ақылды технологияларды енгізу мақсатында әзірленген "Smart City" тұжырымдамасы туралы айтты. Тараз қаласының 6 мыңнан астам бейнебақылау камерасы жедел басқару Орталығына қосылған. Оның айтуынша, 435 автобуста жол ақысын төлеу мен есептеудің автоматтандырылған жүйесі енгізілген.

Жамбыл облысының тұрғындары үшін өзекті мәселелердің бірі - сапалы байланыс пен Интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету.

«Бүгінгі таңда Жамбыл облысында 372 елді мекен бар. ТОБЖ технологиясы бойынша тіркелген Интернетке 199 АЕМ қосылған. Сонымен қатар, Жамбыл облысының 53 мектебі Starlink спутниктік жүйесіне қосылған» Асқар Жамбакин

Министрлік Жамбыл облысының әкімдігімен және ұялы операторлармен бірлесіп, Жамбыл облысының елді мекендерінің интернет желісіне және байланысына сапалы қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша Жол картасын әзірленді.

Жол картасы аясында Теле2 операторы Облыстың 68 АЕМ-нін мобильді кең жолақты қол жетімділікпен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, «Кселл» операторы облыстың 51 АЕМ-нің базалық станцияларын жаңғыртуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, Beeline Жамбыл облысының 61 елді мекенінде жаңа базалық станция салуды көздейді.

Сондай-ақ, министрліктің бастамасымен, әкімдіктер мен жеке бизнестің қолдауымен IT-хабтар 14 өңірде орналастырылды. Бүгінгі таңда облыста Zhambyl IT Hub жұмыс істейді.

Жиын барысында ЦДИАӨМ өкілдері Жамбыл облысы тұрғындарының облыстың елді мекендеріндегі ұялы байланыс, интернет, жасанды интеллект, мобильді байланыс мәселелері бойынша сұрақтарына жауап берді.

Жиын барысында Цифрлық даму министрлігінің  өкілдері Жамбыл облысы тұрғындарының облыстың елді мекендеріндегі ұялы байланыс, интернет, мобильді байланыс мәселелері бойынша сұрақтарына жауап берді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -