"Ақтөбе-Хромтау-Қарабұтақ" автожолы: қайта жаңарту және жөндеу

5511
Фотосурет: Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі

Аталған жұмыстар қайта қалпына келтіру шеңберінде де, ағымдағы жөндеу жұмыстары аясында да жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды DKnews.kz.

Мамандар «Ақтөбе-Хромтау-Қарабұтақ» автожолында қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Жолдың жалпы ұзындығы 202 шақырымды құрайды.

Мәселен, Ақжар кентінің ауданында (791-819 шақырымдары арасы) қайта құру жұмыстары басталды. «Сине Мидас Строй» мердігер ұйымы коммуникацияларды қайта құру, топырақ карьерлерін әзірлеу және жер төсемін салу бойынша жұмыстарды бастап кетті.

Бұдан басқа, ағымдағы жөндеу шеңберінде қалпына келтіру жұмыстары Ақтөбе қаласы мен Ақжар ауылы, Просторный кенті және Хромтау қаласы, Құдықсай және Бөгетсай кенттері, сондай-ақ Бөгетсай кентінен Қарлау кентіне дейінгі учаскелерде жүргізілуде. Ағымдағы жөндеу учаскелеріне "Ербол-Эль" ЖШС (Ақтөбе-Хромтау) және "КАЖсервис" ЖШС (Хромтау-Қарабұтақ) екі мердігер ұйым жұмылдырылды. Учаскелерде 80-нен астам маман мен 65 бірлік арнайы техника жұмыс істейді.

Қазіргі таңда мамандар Құдықсай және Қарлау кенттерінің қасында жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Қалпына келтіру жұмыстары шілде айында аяқталады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -