Елордалық ұландықтар алғашқы көмек көрсетті

5929
Фотосурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Астана қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы 5573 әскери бөлімінің сарбаздары қалада қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету кезінде есінен танып қалған әйелге алғашқы көмек көрсетті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Оқиға 30 маусым күні сағат 17:00 шамасында орын алды. Қала тыныштығын қадағалап жүрген патрульдік топ бастығы қатардағы жауынгер Жанат Балтин және оның көмекшілері Сұлтан Тумаков пен Исмайыл Керей “Атырау” жаяу жүргіншілер көпірінің жанындағы патрульдеу бағыттарының бірінде есінен танып қалған әйелді көреді. Ұландықтар оған дереу алғашқы көмек көрсетіп, бетін бері қаратқан.

- Біз өзімізге жүктелген жерді барлау барысында күтпеген жерден көшеде ес-түссіз жатқан әйел адамды көрдік. Оған жүгіріп барып, алғашқы көмек көрсеттік. Содан кейін оқиға орнына дәрігерлер шақырылды, - деді қатардағы жауынгер Жанат Балтин.

Жедел жәрдем бригадасы келгеннен кейін әйел қалалық ауруханаға жеткізілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -