Құрылыс саласындағы Қазақ тілі: жүйелі пайдалануға жаңа бастамалар

4697
Фотосурет: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев а. ж. 1 шілдесінде Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамымен бірге ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Кездесу барысында тараптар құрылыс саласында қазақ тілінің қолданыс деңгейін арттыруға бағытталған  жоспарлар мен іс-шараларды талқылап, бірқатар келісімдерге қол қойды.

Министрлік пен Қоғам екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамыту және нығайту үшін бірлесіп жұмыс істейтін болады. Меморандумның басты мақсаты – құрылыс саласында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын барынша кеңейту. Бұл жұмыс кезең-кезеңімен жүйелі түрде жүргізілетін болады.

Ең алдымен құжаттар зерттеледі. Одан кейін салалық құжаттар мен терминдерді қазақ тіліне аудару жұмыстары басталады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -