Астанада ШЫҰ кезінде қозғалысты уақытша шектеу

2475
Фотосурет: Астана қаласының әкімдігі

Қалалық полиция департаменті ШЫҰ саммитін өткізуге байланысты келесі жол учаскелерінде автокөлік құралдарының қозғалысын уақытша шектеу жоспарланып отырғанын хабарлайды, деп хабарлайды DKnews.kz.:

3 шілде күні сағат 18.00-ден 22.00-ге дейін Бөкейхан көшесі бойынша Керей-Жәнібек хандар көшесінен Сығанақ көшесіндегі көпірге дейін (М-3);

4 шілде күні сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін Нәжімеденов көшесі бойынша Тәуелсіздік даңғылынан Аманжолов көшесіне дейін, одан әрі Аманжолов көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін және Байтұрсынов көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін.

Қалған уақытта қозғалысты шектеу ШЫҰ саммитіне қатысушылардың сүйемелдеуімен жүзеге асырылатын болады.

Тұрғындардан қауіпсіздіктің күшейтілген режиміне түсіністікпен қарауды сұраймыз.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -