Қолайлы жағдайлар: Қазақстанда 1000 мектеп жаңғыртылуда

2684
Фотосурет: Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

2025 жылға дейін тағы 1000 мектепті жаңғыртудан өткізу жоспарлануда. Айта кету керек, бұл бастама Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда, деп хабарлайды DKnews.kz.

Модернизация қала және ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайтуға, сондай-ақ балаларға білім мен тәрбие беру үшін жайлы жағдай жасауға, материалдық-техникалық базаны күшейтуге бағытталған. Атап айтқанда, ол мектептерге ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, пәндік кабинеттер сатып алу (химия, физика, биология, STEM, роботехника және басқалары), мектеп жиһаздарын жаңарту, асхана, кітапхана бөлмелерін жаңғырту, сондай-ақ мектепте қауіпсіздік жағдайларын жақсартуды қамтиды.

Осы ретте 2024-2025 оқу жылы 712 мектепте ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі, 532 мектепке 1000-ға жуық пәндік кабинет сатып алынады, 574 мектепте жиһаз жаңартылады, 481 мектепте асхана, 757 мектепте кітапхана жаңғыртылады. Бұл жұмыстардың нәтижесінде 366 мың оқушы үшін білім алу жағдайы жақсартылады деп күтілуде

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -