Ұлттық ұланда жаңа оқу кезеңі басталды

2695
Фотосурет: «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерде 2024 жылдың жазғы оқу кезеңі басталды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Осы күні өңірлік қолбасшылыққа қарасыты барлық әскери бөлімдерде дәстүрлі түрде митинг өткізіліп, жауынгерлік қызмет барысындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша практикалық сабақтар жүргізілді. 

Өткізілген сабақтар Ұландықтар үшін практикалық іс-қимылдар мен жаңа форматта өтті. Атап айтқанда, әскери қызметшілер үшін қызметтік-жауынгерлік әрекеттің түрлі бағыттары бойынша дайындалған бейнероликтер көрсетілді.

Оқудың алғашқы күнінде ұландықтарға мемлекеттік-құқықтық және жауынгерлік дайындық, қару-жарақ пен әскери техниканы қолдану мен кешенді күтім көрсету, сондай-ақ, алғашқы медициналық көмек көрсету, ату және дене шынықтыру дайындығы және парктік-шаруашылық жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау бойынша сабақтар өткізілді.

Мемлекеттік-құқықтық дайындық тақырыбы «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының жауынгерлік әзірлікті арттыру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер» тақырыбына  арналды. Осы тұрғыда атап өтетін жайт, бүгінгі күні Ұлттық ұлан құқықтық тәртіп әскері өздеріне берілген жауынгерлік тапсырмаларды сапалы түрде орындап келеді. Сабақтар барысында Ұлттық ұлан әскеріне жүктелген міндеттерге тоқталып, оларды сапалы орындауға нақты-нақты тапсырмалар қойылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -