Қазақстан өңірлерінде балық шаруашылығы белсенді дамып келеді

2618
Фотосурет: ҚР АШМ

Қызылорда облысының Арал ауданында тұқы өсіретін тоған балық шаруашылығы құрылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

«Арал Рыбторг» ЖШС басшысы Қуаныш Өмірзақов қазіргі уақытта 15 гектар аумақтағы 4 тоғанда балық жіберу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

«Маусым айында 7 млн. 700 дана тұқы балықтары жіберілді. Күзге дейін тоғандардың ауданы 25 гектарға дейін ұлғайтылады, содан кейін қуаттылығы жылына 15-20 миллион шабаққа арналған инкубациялық цехты орнату жұмыстары басталады.  Тауарлы балықтың алғашқы партиясын 2025 жылы алуды жоспарлап отырмыз»,- деді Қуаныш Өмірзақов.

Жобаның құны 150 млн. теңге. Ал, қуаттылығы-жылына 300 тонна.

Кәсіпкер шаруашылықты дамытуда мемлекеттік қолдау шараларын пайдалануға ниетті.

Айта кетейік, саланы мемлекет тарапынан қолдау балық шаруашылығын дамытуға үлкен қызығушылық тудырды.

Атап айтқанда, балық өсіру шаруашылықтары үшін салықтар 70% -ға төмендетілді, сондай-ақ салынған инвестициялардың 25%, жем-шөп құнының 30% мөлшерінде, шабақтардв, дәрілерін, балықтардың бағалы түрлерінің аналығын сатып алуға және балық өсіру-биологиялық негіздемесін әзірлеуге жұмсалатын шығындардың 50%  көлемінде субсидия ала алады.

Балық шаруашылығы субъектілері үшін қаржылық қолдаудың бұл шаралары Балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде қабылданды. Осы кезеңде саланы дамытуға 268,8 млрд теңге, тағы 340,5 млрд теңге-бюджеттен тыс жеке инвестициялар бағытталатын болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -