ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ұлттық үйлестірушілерінің отырысы

2585
Фотосурет: ҚР СІМ

Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттері Ұлттық үйлестірушілер кеңесінің (ҰҮК) отырысы өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Ұлттық үйлестірушілер ШЫҰ Саммитінің қорытынды құжаттарын қарастырып, көпсалалы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін, сондай-ақ Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығымен өтетін іс-шараларды дайындау мәселелерін талқылады.

Қазақстанның ШЫҰ мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестірушісі Мұрат Мұқышев Қазақстанның Ұйымға төрағалығы өткен кезеңде өңірдегі өзара тиімді, сенімді және көп қырлы өзара іс-қимылды дамыту бойынша ауқымды жұмыс атқарғанын атап өтіп, кезекті Астана саммитінің сәтті өтетініне сенім білдірді.

2024 жылғы 3-4 шілдеде Астанада ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының кездесуін өткізумен Қазақстан ШЫҰ-ға төрағалығын аяқтайды. Тараптардың бірлескен күш-жігерімен Қазақстанның төрағалығымен ШЫҰ ынтымақтастығының барлық спектрі бойынша 150-ден астам іс-шара өткізілді.

ҰҮК Ұйымның ағымдағы қызметін үйлестіреді және ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің тиісті министрліктері мен ведомстволарының өзара іс-әрекетін жүзеге асырады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -