Ұландықтар Алматыда қылмыскерді ұстады

6798
Фотосурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Алматыда Кеңес Одағының Батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қала көшелерін патрульдеу кезінде өзін күдікті ұстаған адамды ұстады, деп хабарлайды DKnews.kz.

5 шілдеде сағат 22.35-те "Алмалы" ауданында патрульдік-бекеттік қызмет атқару кезінде әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Нұрдос Қосыбай патрульдік қатардағы жауынгерлер Бекзат Ғабдулла мен Еркебұлан Шакманмен бірге күдікті азаматты байқады.

Құжаттарды тексеру барысында ер адамның біртүрлі әрекетін байқайды. Осыдан кейін олар полиция қызметкерлерін азаматты ұстау орнына шақырды.

Сыртқы тексеру кезінде полицейлермен бірге біз пакеттен арнайы иісі бар өсімдік тектес затты тауып алдық Қатардағы жауынгер Нұрдос Қосыбай

Әрі қарай, құқық бұзушы полиция бөліміне одан әрі тексеру үшін жеткізілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -