Парламент депутаты Айдос Сарым Алматыдағы әскери институтта болды

6534
Фотосурет: Gov

Жоғары оқу орнына барғанда депутат А. Сарым есімі Құрлық әскерлерінің әскери институтына берілген Қазақстанның бірінші Қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Мәжілісменді Құрлық әскерлері әскери институты қызметінің негізгі бағыттарымен және оның оқу-материалдық базасымен білім ордасының бастығы генерал-майор Бауыржан Ибатулин таныстырды. 

Әскери кадрларды дайындайтын мекеменің құрылу тарихы жайлы қызықты фактілерді қонаққа оқу орнының бірегей жәдігерлері мен мұрағаттық құжаттары сақталған тарихи мұражайында егжей-тегжейлі айтылды.

Әскери институттың қолбасшылығымен және профессорлық-оқытушылар құрамымен кездесуде Айдос Сарым қорғаныс және әскери кадрларды даярлау мәселелеріне тоқталды. Одан бөлек ол парламенттік демалыстан кейін биылғы жылы іске асырылып жатқан заң шығару жұмысынан хабардар етті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -