Қазақстан мен БҰҰ ЕҚБ ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі

7513
Фотосурет: Gov

ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин БҰҰ-ның Орталық Азиядағы Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының өңірлік өкілі Ашита Митталмен өңірдегі миссиясының аяқталуына байланысты кездесу өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

А.Миттал Қазақстанның үлкен үлесін және есірткі құралдарының заңсыз айналымына, киберқылмысқа, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа, сыбайлас жемқорлыққа және т. б. қарсы күрес мәселелері бойынша Орталық Азиядағы қолданыстағы өңірлік бағдарламалар шеңберінде Қазақстанның үлкен үлесін және мемлекетіміздің БҰҰ ЕҚБ-мен ынтымақтастығының жоғары серпінін атап өтті.

А.Рахметуллин аталған мәселелер бойынша, оның ішінде Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының (ОАӨАҮО) бағыты бойынша Қазақстанның БҰҰ ЕҚБ-мен ынтымақтастығын жалғастыру мен кеңейтудің маңыздылығын білдірді. 2025 жылы Астанада синтетикалық есірткіге қарсы күрес жөніндегі БҰҰ ЕҚБ өңірлік конференциясын өткізуді қолдай отырып, БҰҰ ЕҚБ-мен осы салада белсенді өзара іс-қимылды ерекше атап өтті.

Тараптар Қазақстан мен БҰҰ ЕҚБ өзара іс-қимылын жалғастыруға және тереңдетуге өзара қызығушылық танытты.

Кездесу соңында А.Рахметулин А.Митталға Қазақстан мен БҰҰ ЕҚБ арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға елеулі үлесі үшін алғысын білдірді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -