Сенат ашық: Солтүстік аймақ өзінің финалистерін анықтады

4356
Фотосурет: KazChess

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының шахмат бойынша Senat Open ашық кубогының жартылай финалдағы бес турнирінің екіншісі Павлодарда өтті. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының аясында, Freedom Holding Corp. компаниясының серіктестігімен алғаш рет Қазақстан шахмат федерациясы/KazChess ұйымдастырған турнирге барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының депутаттары, облыстық және қалалық қоғамдық кеңестердің мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Кубоктың іріктеу турнирлері 21 сәуірден бастап 15 облыста және республикалық маңызы бар үш қалада өте бастаған болатын. Әр аймақтың үздік 25 ойыншысы аймақтық тұрғыда өтетін жартылай финалдың бірінде – солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс және орталықта ойнауға құқылы болды.

5 шілдеде Павлодарда өткен жартылай финалға Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары «Солтүстік» өңірінің 100 шахмат сүйер қауымы бақ сынады. Жартылай финалдық ойындардың ашылу салтанатына Павлодар облысының әкімі Байханов Асаин, Павлодар қаласы мәслихаттың және KazChess басшылығы қатысты. Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов қатысушыларға бейне құттықтау жолдады.

«Қатысушыларды турнирдің осы кезеңіне шығуымен құттықтағым келеді. Senat Open көптеген қатысушылар үшін алғашқы маңызды бәсекелестік тәжірибе болса, ал басқалары үшін шахмат ойнауды үйренудің басты мотивациясы болды. Іріктеу кезеңдері өзінің ауқымы, қатысушылардың қатысуы және географиясы бойынша турнирді бұрын-соңды болмаған деп санауға болатындығын көрсетті. Бұрын-соңды бірде-бір спорт федерациясы немесе қоғамдық ұйым Парламент Сенатының қамқорлығымен осындай көлемдегі жарыс өткізген емес. Қазақстандық шахмат федерациясы осындай өршіл жобаны бірінші болып жүзеге асыра алғаны қуантады» Тимур Турлов

9-тур рапид қорытындысы бойынша Senat Оpen финалына қатысу үшін «Оңтүстік» өңірінің жиырма бес өкілі анықталды. Сондай-ақ, олардың арасында депутаттар, журналистер, қоғам қайраткерлері, 60 жастан асқан әйелдер мен қатысушылар арасында үздік ойыншылар арнайы сертификаттармен марапатталды.

Тамыз айының соңында Астанада өтетін финалда Парламент депутаттары мен республикалық БАҚ журналистерін қосқанда 200-ге жуық адам сайысқа түседі. Чемпионатқа еліміздің түкпір-түкпірінен 3 мыңға жуық адам келетін болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -