Жазушылар мен оқырмандар Астанадағы Kitaphana Fest фестиваліне жиналды

4884
Фотосурет: Аstana akimdigi

Елордада Kitaphana Fest кітап фестивалі өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Астана әкімдігінің орталықтандырылған кітапхана жүйесінің 50 жылдығы және қала күнін мерекелеу аясында Жазушылар аллеясында Kitaphana Fest кітап фестивалі өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Мәдени-ағарту іс-шарасы 2019 жылдан бері өткізіліп келеді және қалалық ауқымдағы алғашқы кітап фестивалі болып саналады.

«Фестиваль алты жыл ішінде жазушылардың қала тұрғындарымен кездесуіне арналған танымал орындардың біріне айналды. Фестиваль өткен жылдары белгілі қазақстандық авторлар мен баспалардың қатысуымен 30-дан астам кітап таныстырылды. Іс-шараның мақсаты – қала тұрғындарының, оның ішінде балалардың оқуға деген қызығушылығын арттыру» Орталықтандырылған кітапхана жүйесі директорының орынбасары Гүлмира Әбілғазина

Фестиваль барысында балалар жазушылары Зәуре Төрехан, Татьяна Никитина, ақындар Серікбол Хасан, Әкім Ысқақ және басқа да авторлармен кездесулер өтті.

Балалар үшін белгілі шығармалардың кейіпкерлерін білуге арналған викториналар, шығармашылық шеберханалар өткізілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -