Астананың түнгі аспаны дрондардың бірегей шоуының сахнасына айналды

4576
Фотосурет: Аstana akimdigi

Елорда күніне орай қала тұрғындары мен қонақтары үшін аспанда дрондардың бірегей шоуы ұйымдастырылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

6 шілдеде ЭКСПО аумағында «Open Air» мерекелік концертінен кейін «ASPAN»Жарық дрон-шоуы өтті.

Дрондар түнгі аспанда төмендегідей бейнелерді көрсетті:

Жер Планетасы
Қазақстан картасы
Шаңырақ
Зымыран және Сатурн
Бәйтерек
«Таза Қазақстан»
Қазақстан Туы
Жүрек және Астана

Дрондар шоуы үшін аспанға 1250 жылдамдықты радиомен басқарылатын аппарат ұшырылды, оның 70-і - пиротехникалық дрондар. Бұл - дрон симбиозы мен пиротехниканың жаңа технологиясы. Барлық көрнекі әсер қазақ және шетелдік композиторлардың музыкасымен үндестірілді.

Айта кету керек, 100 мыңнан астам адам «Open Air» мерекелік концертіне және дрондар шоуына қатысты. Түрлі-түсті жарық шоуы демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылған.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ASTANA (@akimat__astana)

Ашық аспан астындағы мерекелік концертте отандық эстрада жұлдыздары Ninety one, Orda, Raim, Sadraddin, Kalifarniya, Nazima, Alpha, T ‘ OI, Imzi, Құрмаш Махан, Jazzdauren және басқа да әртістер өнер көрсетті.

Сонымен қатар 7 шілдеде ЭКСПО алаңында домбыра күніне арналған мерекелік шоу-концерт өтеді. Кеш қонақтары: «Қорқыт» этно-фольклорлық ансамблі, «Мade in KZ» тобы, Ибрагим Ескендір және «Алтын Домбыра» балалар шығармашылық орталығы, «Assyl» тобы, Kalifarniya, Qanay, Ақтоты Болшова және басқа да әртістер.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -