Жүк көліктеріне көлік қозғалысы шектелді: Қазақстан жолдарындағы жазғы шаралар

6501
Фотосурет: DKNews

Қазақстанда жазғы кезеңде жүк көліктері үшін қозғалыс шектеулері енгізіледі, деп хабарлайды DKnews.kz.


 
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы жыл сайын жаз мезгілде ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеулердің енгізілетінін естеріңізге салады. Бұл шаралар жол жабынының сақталуына және күн ыстық кезде жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Шектеулердің мерзімі өңірлерге байланысты 1 маусымнан 31 тамызға дейін, 1 маусымнан 15 тамызға дейін енгізіледі.  
 
Жыл сайын 1 маусым мен 31 тамыз аралығында, ауа температурасы 25°С жоғары болған кезде сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін келесі аймақтарда жүк көліктерінің қозғалысына шектеулер енгізіледі: 
 
- Алматы облысы; 
- Атырау облысы; 
- Жамбыл облысы; 
- Жетісу облысы; 
- Ұлытау облысы; 
- Қызылорда облысы; 
- Түркістан облысы; 
- Маңғыстау облысы. 
 
Жыл сайын 1 маусым мен 15 тамыз аралығында, ауа температурасы 25°С жоғары болған кезде сағат 11:00-ден 21:00-ге дейін келесі аймақтарда жүк көліктерінің қозғалысына шектеулер енгізіледі: 
 
- Абай облысы; 
- Ақмола облысы; 
- Ақтөбе облысы; 
- Шығыс Қазақстан облысы; 
- Батыс Қазақстан облысы; 
- Қарағанды облысы; 
- Қостанай облысы; 
- Павлодар облысы; 
- Солтүстік Қазақстан облысы. 
 
Мұндай шектеулерді енгізудің басты себебі – жоғары температура кезінде деформацияға бейім болып келетін асфальт жабынының бұзылмауын алдын алу. Ыстық күндері асфальт жабыны жұмсақ әрі осал кезінде ауыр жүк көліктері айтарлықтай зиян келтіреді.  
 
Қазақстандағы жүк көліктерінің қозғалысына жазғы мезгілде енгізілетін уақытша шектеулер жол инфрақұрылымын сақтауға және қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етеді. Осы ережелерді сақтау арқылы жолдардың ұзақ қызмет етуіне және олардың жөндеу жұмыстарына шығындарды азайтуға мүмкіндік беріп, сайып келгенде жол қозғалысының барлық қатысушыларына тиімді болмақ.   

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -