Жамбыл ауданында су басу салдарын жою жұмыстары жүргізілуде

12276
Фотосурет: Gov

Алматы облысы Жамбыл ауданының Беріктас ауылында толассыз жауған жаңбыр салдарынан көлбеу ағыны пайда болып, 15 аула аумағы  мен 3 тұрғын үйді су басты, деп хабарлайды DKnews.kz.


 
Осы сағатта ТЖМ бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдар инертті материал салынған 2 мың қапшық дайындады. Сонымен қатар су басқан аумақтардан суды сору және лайдан тазарту, арық жүйелерін тереңдету жұмыстары жүргізілуде, жағдайға мониторинг жалғасуда. 

Жұмыстарға ТЖД, жергілікті атқарушы органдардың, ТЖМ 28237 әскери бөлімінің жеке құрамынан 100-ден астам адам, 11 мотопомпа мен 16 бірлік техника жұмылдырылған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -