Бөлімшелердің әдістемелік-нұсқаулық атыс сабақтары өтті

4774
Фотосурет: Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты Шымкент гарнизонының механикаландырылған бригадасының әскери қызметшілеріне «Дарбаза» оқу-жаттығу полигонында бөлімшелердің жауынгерлік үйлесімділігі бойынша әдістемелік-нұсқаулық сабақтары өткізілді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бөлімнің оқу полигонында бөлімшелердің жауынгерлік үйлесімділігі бойынша әдістемелік-нұсқаулық сабақтарын өткізуге арналған сегіз оқу орындары дайындалып, әскери қызметшілерге дәрістер өтті. Сонымен қатар, офицерлер мен сержанттар жеке құраммен жұмыс істеу әдістері мен қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың тәжірибесін зерттеді.

Оқу орындарында жауынгерлік атыстар кезінде авиация соққысы, залалсыздырылмаған ауданмен жүріп өту, мина-жарылғыш қоршаудан өту және ұрыс алаңында жарақат алған жауынгерлерге алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша тәжірибе сабақтары жүргізілді.

Әдістемелік – нұсқаулық сабағының басты кезеңін әскери бөлімнің бірінші шабуылдаушы батальоны жеке құрамы бөлімшелердің жауынгерлік атысын сапалы жүргізу мақсатында, қала аумағында заңсыз қаруланған қарсыластың шабуылын тоқтату, оларға шабуыл жасау, тактикалық кәсіби іс-қимылдарды жүзеге асырудың әдіс-тәсілдерін жетілдіріп, шеберліктерін паш етті.

- Әдістемелік сабақты өткізудегі мақсатымыз жауынгерлік жағдайға барынша жақындата отырып бөлімшелердің далалық дағдысы мен үйлесімділігін жетілдіру болып табылады. Сабақ барысында біз өзара іс-қимылды ұйымдастыру, жеке құрамды, әскери техника мен қару-жарақты дайындау мәселелерін пысықтауға ерекше назар аудардық. Атыс барысында бөлімшелер шартты қарсыластың барлық нысаналарына оқ атып, шеберліктерін көрсете білді, - деп атап өтті әсери бөлім сержанты Серік Айтубаев.

Айта кетейік, бөлімшелердің жауынгерлік ату жаттығуы - бұл тактикалық дайындықты оқытудың ең жоғары түрі. Қазіргі  уақытта барлық бөлімшелермен күндізгі және түнгі уақытта  қарудан жауынгерлік атыстары жүргізілуде.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -