Көлік министрлігі Маңғыстаудағы негізгі жолға жөндеу жұмыстарын жариялады

7073
Фотосурет: DKnews

Маңғыстау облысында Жаңаөзен қаласынан Түрікменстан елінің шекарасына дейін апаратын жол жөнделедідеп хабарлайды DKnews.kz.

Жалпы ұзындығы 229 шақырымды құрайтын "Жаңаөзен-Кендірлі-Түрікменстан шекарасы" автожолын жөндеу мәселесі пысықталуда. Бұл Кендірлі курорттық кентінің және Маңғыстау облысының туристік әлеуетін одан әрі дамытуға ықпал етпек.

Құрылыс жұмысы жоспарымен Маңғыстау өңіріне жұмыс сапарымен барған көлік министрі Марат Қарабаев бөлісті.

Қазіргі уақытта бұл жол IV техникалық санатқа жатады. 

Марат Қарабаев Жаңаөзен қаласынан Түрікменстан шекарасына дейінгі күре жолды көлікпен жүріп өтті.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 🇰🇿ҚР Көлік министрлігі (@kolikpress)

Мұнда жөндеу жұмыстары аясында жол конструкциясын нығайту және жол жабынын жаңарту көзделген.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -