Астана-Петропавл тас жолында ПВА желімі бар жүк көлігі аударылды

6578
Фотосурет: QazAvtoJol

“Астана-Петропавл” автожолының бойында орын алған жағдай туралы

Бүгін, сағат 09:00 шамасында Ақмола облысы “Астана-Петропавл” автожолының 135 шақырымында “Вольво” жүк автокөлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, жол білеуіне соғысып, аударылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жол апаты салдарынан көліктегі ПВА желімі жол жиегіне екі бағытта төгілді.

“ҚАЖСервис” филиал мамандары жүк көлікті көтеріп, оқиға салдарын жоюмен айналысуда. 

Жол қозғалысы қалпына келтірілді, зардап шеккендер жоқ.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -