4,5 млрд теңгеден астам жымқыру: қылмыстық топтың қатысушылары сотталды

6204
Фотосурет: Depositphotos

Бюджет қаражатын жымқырумен айналысатын ҰҚТ қатысушылары сотталды, деп хабарлайды DKnews.kz.


 
Ағымдағы жылдың 23 шілдесінде Жетісу облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Талдықорған қаласы Білім бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты үкім шығарды.

Олар ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны және бюджет қаражатын жымқыру мақсатында қатысқаны үшін сотталды.

Тұрақты ұйымдасқан қылмыстық топ 2020 жылдың қаңтары мен 2023 жылдың наурызы аралығында Талдықорған қаласының аумағында құқықбұзушылық іс-әрекеттермен айналысты.

ҰҚТ қатысушылары білім беру саласында нақты жұмыс істемеген жеке тұлғаларға, сондай-ақ өздерінің жеке шоттарына жалақыны заңсыз аудару арқылы 4,5 млрд теңгеден астам қаражат бөлді.

Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы 15жылға, оның қатысушылары 9 жылдан 13 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін ұйымдасқан топтың қылмыстық іс-әрекетінің фактілерін жасырғаны үшін Алматы облысы Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторы М. Ботабеков және Білім бөлімінің басшысы Ж. Жолдыханов.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі. 

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -