Қазақстанның болашақ журналистері жазғы мектепте оқуды бастады

13684
Фотосурет: Gov

Бурабай ауданында журналистикада оқитын студенттерге арналған Media Bootсamp жазғы мектебі ашылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жоба жас журналистердің медиа индустриядағы жаңа үрдістер мен инновациялар туралы білімін арттырып, кәсіби машықтарын жетілдіруге бағытталған.

Media Bootcamp-тің оқу бағдарламасы «Журналист этикасы және оның стандарттары», «Қазіргі документалистика: сторителлиңнің тиімді әдіс-тәсілдері», «Журналистикада жасанды интеллектіні (АІ) қолдану» секілді өзекті тақырыптарды қамтиды.
Қатысушыларға кәсіби журналистер, медиа саласының мамандары дәріс оқып, уоркшоп өткізеді.

Жазғы мектепке қатысу үшін еліміздегі 19 ЖОО-да оқитын студенттер мен магистранттардан 74 өтініш келді. Олардың арасынан 50 қатысушы іріктеліп алынды.

Іс-шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстандық қоғамдық даму институтының MediaLab орталығы ұйымдастырды. Оқыту бүгін басталып, 25 шілдеге дейін жалғасады

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -