Текелі қаласында 40 пәтерлік жаңа үйдің кілттері табысталды

7964
Фотосурет: Gov

Текеліде жаңа 40 пәтерлі үйдің кілті табысталды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жетісу облысы Текелі қаласында 40 пәтерлі жалгерлік үй қолданысқа берілді. Баспаналы болғандар - үй кезегінде тұрған толық емес және көп балалы отбасылар, жетім балалар, зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, бюджеттік мекеме қызметкерлері, деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.   

Жаңа тұрғын үйде 15 бір бөлмелі, 5 екі бөлмелі, 15 үш бөлмелі және 5 төрт бөлмелі пәтер бар. Аула аумағы абаттандырылған. Балалардың ойын және спорт алаңдары бар.

Тағы бір атап өтерлігі, көп балалы отбасылардың сұранысына сай тұрғын үй жобасына 4 бөлмелі 5 пәтер арнайы енгізілді. Үйдің балкондарын мердігер компания өз қаражаты есебінен жауып берді.

Баспана қуанышына бөленгендер арасында қала тұрғыны Қанипа Осанова да бар: «Менің балам ІІ топтағы мүгедек. Бүгін, міне, екі бөлмелі жаңа пәтерге ие болып жатырмыз. Бұл – отбасымыз үшін үлкен қуаныш», – деді ол.

Жалпы Жетісуда 8 аудан мен 2 қала бойынша қолданысқа берілетін тұрғын үйлердің жол картасы дайындалды. Аталған картаның шеңберінде биылғы жылы 349,3 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Соның ішінде осы жылдың қаңтар-маусым айларында өңірде 115,5 мың шаршы метр қолданысқа берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,3% артық.

Сондай-ақ бүгінгі күні Текеліде 40 пәтерлі және 60 пәтерлі тағы екі көп қабатты үй бой көтеруде. Бұған қосымша 60 отбасыға арналған 30 жеке тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Тағы бір 60 пәтерлі бір үйдің жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалуда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -