Бөлімшелердің жауынгерлік атыстары жалғасуда

3014
Фотосурет: Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Шымкент гарнизоны механикаландырылған бригадасының «Дарбаза» оқу-жаттығу полигонында жауынгерлік дайындық барысы қарқынды өтуде, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бөлімшелердің, экипаждардың және есептоптардың үйлесу процесі аяқталғаннан кейін бөлімшелер штаттық қару-жарақтан шынайы ұрыс жағдайына келтірілген жауынгерлік оқ ату тапсырмаларын орындауда. 

Жеке құрамның күндіз және түнде жауынгерлік ахуалдың күрделі жағдайларында жеке және топтық құрамда қаруды қолдана білуін тексеру, командирлердің кенеттен туындаған жағдайларда дұрыс шешім қабылдауын, сондай-ақ заңсыз қарулы құрамаларға қарсы белсенді және үйлесімді іс-қимылдар жүргізу – сабақтың маңызды мақсаты болып табылады.

Сабақтар бөлімшеге жүктелген тапсырмаларды ескере отырып, күндізгі және түнгі уақытта шабуылдауда, қорғаныс пен арнайы әскери іс-қимылдарда «қарапайымнан күрделіге» қағидаты негізінде ұйымдастырылды. Жеке құрамның бірлік ретінде әрекет ету қабілеті, бір-бірін ишарамен түсіну – дайындық деңгейінің басты көрсеткіші.

"Жеке құрам теориялық тұрғыда алған білімдерін іс жүзінде көрсетеді. Ал, командирлер құрамы жауынгерлік атыстар мен бөлімшелердің ұрыстағы іс-қимылын басқаруға қажетті тәжірибе алады. Жауынгерлік атыстардың сапалы өткізілуі үшін атыс алаңдары мен оқу-материалдық базалары толықтай жарақтандырылды. Шартты қарсылас имитациялық құралдармен белгіленіп, қауіпсіздік шаралары қатаң сақталды. Жауынгерлік атыстың қорытындысы бойынша бөлімшелердің тактикалық іс-әрекеттеріне жоғары баға берілді"  Бригада сержантының нұсқаушысы Ербол Мамыров

Жауынгерлік жоспарға сай өтетін осындай жауынгерлік атыстар бөлім жеке құрамының тәжірибелік білімдерінің дамуына көмегін берері анық.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -