132 шақырым газ құбыры мемлекет меншігіне қайтарылды

3014
Фотосурет: freepik

Прокуратура шараларымен 132 км газ құбыры мемлекет меншігіне қабылдандыдеп хабарлайды DKnews.kz.

БҚО Қаратөбе ауданы прокуратурасымен жүргізген талдау нәтижесінде ауылдық елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ететін 132 км газ тасымалдау желілерінің иесіз екені анықталды. 

Пайдалану ережелері мен сақтық шараларын мұқият сақтауды талап ететін иесіз мүлікке уақтылы қызмет көрсету шараларын қолданбау газдың үздіксіз жеткізілуіне ғана емес, сонымен қатар жергілікті тұрғындар мен қоршаған ортаның қауіпсіздігіне қауіп төндірді.

Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар прокурорлардың шаралары бойынша газ құбырын сот арқылы мемлекет меншігіне алған.

Газ құбырын мемлекет меншігіне алу алдағы уақытта газбен қауіпсіз қамтамасыз ету және газ құбырлары мен басқа да газ тарату желілерінің зақымдануын болдырмау бойынша тиісті шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -