ЖИ қылмыстарды ашуға көмектеседі

3014
Фотосурет: Gov

Қызылорда облысы прокуратурасының бастамасымен қылмыстардың алдын алу, қылмысты әшкере ету тиімділігін арттыру және манипуляцияға жол бермеу мақсатында «ІТ тергеу» жобасы іске қосылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жоба аясында ақпараттық-талдау бағдарламалары сатып алынып, «Киберпол» тергеу тобының қолданысына берілді.

Бүгінгі күнге жәбірленушілерге 180 млн теңгеден астам залал бойынша 28 қылмыс дерегі, ақпаратты есепке тіркелген 105 оқиға, 7 хабар-ошарсыз жоғалғандар жасанды интеллект бағдарламасы мүмкіндіктерін кеңінен қолданумен ашылып, полиция жұмысының тиімділігін арттырды.

Облыс прокуроры Ризабек Ожаров пен полиция департаментінің бастығы Махсудхан Аблазимов бұл бағыттағы жұмыстарды әрі қарай жандандыру мақсатында «Киберпол» тергеу тобының жұмысымен танысып, бірлескен бұйрыққа қол қойды.

Облыс прокуроры қылмыстарды дер кезінде әшкере ету жөнінде және тергеу әрекетінің біркелкі алгоритмін белгілейтін нұсқау берді.

Сондай-ақ, жұмыс тобының жетекшілері тәжірибеде орын алатын проблемалық мәселелердің оңтайлы шешу жолдарын ұсынды.

Нәтижесімен құқық қорғау органдарының бірінші басшылары бағдарламаларды тиімді пайдалану арқылы бірыңғай тергеу тәжірибесін қалыптастыру бағытында нақты іс шаралар белгіледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -