Фермерлерге арналған суармалы су: аймақтар бойынша миллиардтаған текше метр

2904
Фотосурет: iStock

Жедел ақпаратқа сәйкес Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» кәсіпорны еліміздің шаруаларына 4,8 млрд текше метр су берді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қызылорда облысы бойынша «Қазсушар» филиалы дихандарға 2,39 млрд текше метр суармалы су берді.

Түркістан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы егіс алқаптарына 1,08 млн текше метр су жеткізді.

Жетісу облысы бойынша «Қазсушар» филиалы шаруаларды 551 млн текше метр суармалы сумен қамтамасыз етті.

Қ.Сәтбаев атындағы каналдан 225 млн текше метр су берілді.

Жамбыл облысы бойынша «Қазсушар» филиалы суармалы жерлерге 305,1 млн текше метр су берді.

Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы «Қазсушар» филиалы дихандарға 158,2 млн текше метр су берді.

Батыс Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы өңір шаруаларына 15,2 млн текше метр су жеткізді.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы дихандарды 60 млн текше метр сумен қамтамасыз етті.

Қарағанды облысы бойынша «Қазсушар» филиалы егістіктерге 15,6 млн текше метр су берді.

Ақтөбе облысы бойынша «Қазсушар» филиалы суармалы алқаптарға 8,83 млн текше метр су жіберді.

Қостанай облысы бойынша «Қазсушар» филиалы шаруаларға 7,5 млн текше метр суармалы су жеткізді.

Павлодар облысы бойынша «Қазсушар» филиалы дихандарға 0,48 млн текше метр су берді.

Ақмола облысы бойынша «Қазсушар» филиалы егіс алқаптарын суаруға 1,2 млн текше метр су жіберді.

Атырау облысы бойынша «Қазсушар» филиалы шаруаларға 5,6 млн текше метр су жеткізіп берді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -