Шенеуніктер сыбайлас жемқорлық үшін түрме жазасын алды

2695
Фотосурет: freepik

ШҚО бойынша Көліктік бақылау инспекциясының лауазымды тұлғалары сотталды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Шығыс Қазақстан облыстық соты ағымдағы жылы 12 шілдеде облыстың Көліктік бақылау инспекциясының басшысы Б. Нұралиев пен оның орынбасары А. Тұрақбаевқа қатысты үкім шығарды.

Олар лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны және кенді салмақ параметрлерінен асыра тасымалдау жолымен кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысқаны үшін кінәлі деп танылды, бұл мемлекетке 63 млн теңге сомасында залал келтіруге әкеп соқты.

Сот үкімімен Б. Нұралиев пен А. Тұрақбаевқа мемлекеттік қызметте лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 және 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -