Салық қарыздары: мүлікке тыйым салуды және шығуға тыйым салуды қалай болдырмауға болады

3058
Фотосурет: freepik

Салық берешегі бар жеке тұлғалар нені білуі керек?

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық берешегі қалыптасқан кезде жеке тұлғаға тиісті хабарлама жіберілетінін хабарлайды, оның орындалуы үшін отыз жұмыс күн беріледі. Жоғарыда көрсетілген мерзімде берешек өтелмеген жағдайда берешек сомасы 1 айлық есептік көрсеткіштен (2024 жылы 3962 теңге) жоғары болса, борышкерге салық бұйрығы жолданады.

Әрі қарай, егер табыс етілгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде берешек өтелмесе, онда мұндай салық бұйрығы сот орындаушыларына жіберіледі.

Осылайша Салық заңнамасына сәйкес салық бұйрығын сот орындаушыларына бергенге дейін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданбай, берешекті өз еркімен өтеуге мүмкіндік бар.
Жеке сот орындаушылары Қазақстан Республикасының "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" Заңына сәйкес банк шоттары мен мүлкіне тыйым салу түрінде мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдануға құқылы. Егер берешек сомасы 40 айлық есептік көрсеткішке тең немесе асатын болса Қазақстан Республикасынан шығуға тыйым салынуы мүмкін. Сонымен бірге, жеке сот орындаушылары берешек сомасынан басқа қосымша жеке тұлғалардан салық берешегі сомасының 25%-на дейін қызмет көрсету ақысын өндіріп алады.

Қосымша шығындарды болдырмау үшін салықтарды уақтылы төлеуді кеңес береміз.

Салық бойынша берешектің бар/жоқ екендігі туралы мәліметтерді e-Salyq Azamat мобильді қосымшасында Электронды сервистер → Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек туралы қызметі → ЖСН-ды енгізу арқылы тексеруге болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -