40 жаңа тыңдаушы ҚМА қызметіне дайындалуда

5357
Фотосурет: Gov

ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясы қатарына 40 жаңа тыңдаушы қосылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Олардың барлығы Қаржылық мониторинг агенттігінің Экономикалық тергеп-тексеру қызметінің қызметкерлері болады.  

Тыңдаушылармен өткен алғашқы кездесу барысында ҚМА офицерлері өздерінің жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, қызметкердің қандай жеке және кәсіби қасиеттерге ие болуы керектігі жайлы айтты.  

Алда оларды алты айлық теориялық және практикалық сабақтар күтуде, оқу соңында қорытынды емтихан тапсырылады. Түлектер жұмыс орнына жолдама алғаннан кейін оларға экономикалық қауіпсіздікту қамтамасыз ету тапсырылады. 

Құқық қорғау органдарындағы қызмет қыздар арасында танылып, жоғары сұранысқа ие болып келеді. Тыңдаушылардың бұл легінде болашақта офицер атанатын 7 қыз оқиды. 

Бұл ҚМА қызметкерлерін Академияда даярлаудың жетінші легі, осы кезеңде Агенттік үшін 240 маман дайындалды. 

Естеріңізге сала кетейік, қазір келесі оқу легіне қабылдау жүріп жатыр.  

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -