Несие корпорациясының директоры жеделдетілген несиелер үшін 7 жылға сотталды

3971
Фотосурет: freepik

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ СҚФ директоры сотталды, деп хабарлайды DKnews.kz.

 
 
Петропавл қалалық соты «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының директорына қатысты үкімді жариялады. 

Ол ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден арнайы техника сатып алу және айналым қаражатын толықтыруға несие қарыздарын жеделдетіп бергені үшін, 100 және 500 мың теңге мөлшерінде бірнеше мәрте пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. 

Сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
 
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -