Қоғамдық кеңес экспедиторлық қызметті лицензиялауға қарсы

4301
Фотосурет: Gov

Көлік министрлігінің Қоғамдық кеңесі көліктік бақылау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және экспедиторлық қызметті лицензиялау мәселелерін қарастырды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Көлік министрлігінің Қоғамдық кеңесінің отырысында көліктік бақылау және экспедиторлық қызметті лицензиялау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды.

Талқылауға Министрліктің, «ҚТЖ «ҰК» АҚ және көліктік бақылаудың аумақтық инспекцияларының өкілдері қатысты. Қоғамдық кеңес мүшелері мәселелердің өзектілігін, сондай-ақ автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінде және оның аумақтық инспекцияларында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту бойынша қабылданып жатқан шараларды талқылады.

Қоғамдық кеңес мүшелері көліктік бақылау процесін автоматтандыру бойынша бейінді министрлікке, атап айтқанда ААЖ енгізу, рұқсаттардың қағаз бланкілерін цифрлық форматқа көшіру жөнінде ұсыныстар берді.

Сондай-ақ, Қоғамдық кеңес экспедиторлық қызметті лицензиялауды енгізудің орынсыз екендігін білдірді. Себебі, бұл кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін және бизнес-ахуалды нашарлататын артық әкімшілік кедергі болып табылады, бұл Мемлекет басшысының бизнеске қатысты әкімшілік кедергілерді анықтау және оларды жою жөніндегі шараларды әзірлеу, сонымен қатар отандық кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы орта құру қажеттілігі туралы тапсырмасына қайшы келеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -