Орал жастары зейнеткерлерге арт-терапия жүргізді

4532
Фотосурет: Gov

Оралдың белсенді жастары жалғызбасты зейнеткерлерге арналған арт-терапия жүргізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Батыс Қазақстан облысының Жастар ресурстық орталығы жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедек жандар тұратын Орал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында арт-терапия ұйымдастырды.

Жас белсенділер психологтармен және суретшілермен бірлесе отырып, орталық тұрғындарына бейнелеу өнері бойынша шеберлік сыныбын өткізді. Шығармашылық процесс жалғыздықпен күресуге көмектесіп, стресс пен мазасыздықты азайтады дейді мамандар.

Арт-терапияға қатысушылар туған жерлерінің пейзаждарын, түрлі аңдар мен натюрморттар салды. Айта кетейік, ЖРО өкілдері арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына жиі барады. Орталықта олар концерттер мен шеберлік сабақтарын өткізеді. Дәл осындай өзара байланыс жас ұрпаққа жауапкершілік сезімін арттырып, жанашыр болуға тәрбиелейді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -