Қазақстан құрамасының еуропалық физикалық Олимпиадасынан төрт медаль

4719
Фотосурет: Gov

Еуропалық физика олимпиадасында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы төрт медальмен толықты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Грузияда EuPhO Еуропалық физика олимпиадасы аяқталды. Нәтижесінде қазақстандық оқушылар тағы төрт медаль иеленіп, жеңіс қоржынын толықтырды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстан командасының құрамында:

🥈 Бекасыл Елубай – Алматы қаласы ФМБ НЗМ 11-сынып оқушысы;

🥈 Альтаир Ақанов – Астана қаласы РФММ 10-сынып оқушысы;

🥉 Нұргүл Егенбергенова – Н.Нұрмақов атындағы Қарағанды облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;

🥉 Нұрасыл Барлыбаев – Атырау қаласының № 1 «Білім-Инновация» мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы.

Жас физиктерді жеңісімен құттықтаймыз!

Анықтама үшін: Еуропалық физика олимпиадасы жоғары сынып оқушылары арасында өткізіледі. 2023 жылы еліміздің командасы 1 күміс, 2 қола және 1 Құрмет грамотасын жеңіп алған болатын.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -