Utebayev University түлектерінің 43 еңбек кітапшалары бар мамандар болды

5192
Фотосурет: Gov

Биыл Utebayev University-ді 600-ге жуық студент бітіріп, жас маман атанды.

Соның ішінде 43 білімгер дуалды оқыту жүйесімен өндіріс орындарында тағылымдамадан өтіп, еңбек кітапшаларын алды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Дуалды оқыту бағдарламасы білім алушыларға салалық жұмыс орнында кәсіптік және іскерлік дағдыларды игеруге, күрделі мамандықты меңгеруге, әртүрлі жүйелер – білім, ғылым және өндірісті қамтитын жоғары білім алуға мүмкіндік береді. Студенттердің оқу жүктемесінің кем дегенде 40 пайызы кәсіпорындағы жұмыс есебінен игеріледі.

Utebayev University-де дуалды оқыту жүйесі елімізде алғашқылардың бірі болып, 2015 жылы іске қосылды. Бүгінде 800-ге жуық студент халықаралық, республикалық және аймақтық деңгейдегі 100-ден астам өндіріс орнында осы жүйе бойынша тәжірибеден өтуде, - дейді университет ректоры Гүлзада Шакуликова.

Сондай-ақ өткен жылы оқу бітірген түлектердің 70% мамандық бойынша жұмыспен қамтылғаны атап өтілді. Жыл сайын Utebayev University түлектері үшін оқу орны базасында өңірдегі мұнай-газ компанияларымен бірлескен «Бос жұмыс орны» жәрмеңкелері ұйымдастырылады. Университет пен индустрияның интеграциясы студенттерді кәсіби бейімдеуге, өндіріс орындарында жаңа технологияларды меңгеріп, ірі компанияларда жұмыс істеуіне мүмкіндік беріп келеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -