Студенттік омбудсмендер жатақханаларды тексереді

5412
Фотосурет: Gov

Жоғары оқу орындарында жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Өңірлік студенттік омбудсмендер жоғары оқу орындарының жатақханаларына мониторинг жұмыстарын бастады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Республикалық студенттік омбудсмен Ұлан Наукен С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті №8 студенттік жатаханасының жағдайын көріп, дайындық жұмыстарымен танысты және сантехникалық және электр жабдықтарының қауіпсіздігін тексерді.

Естеріңізе сала кетейік, студенттік омбудсмен - студенттердің құқықтары мен мүдделерін әрқашан қорғайтын институт. Студенттік омбудсмен институты 2022 жылы құрылып, 2023 жылдың тамыз айынан барлық өңірде жұмыс атқаруда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -